
Қадірлі оралдықтар!
Баршаңызды 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! «Ырыс алды – ынтымақ» дегендей, бұл күн – бірлігі жарасқан, ырысты татулық пен мамыражай ынтымақтың нышаны, сыйластық пен достық ниет салтанат құрған көпэтносты жасампаз халқымыздың қастерлі мерекесі. Еңселі ел, іргелі мемлекет болудың, гүлдену мен өрлеудің, жетістіктер мен игіліктің барлығы да татулық пен қоғамдық келісімнің орнауына тікелей байланысты.
Қазақстан халқы бүкіл әлемді жайлаған, еліміздің тұрғындарының денсаулығына қауіп төндірген қатерлі індетпен күресте бірлік пен ұйымшылдықтың жарқын үлгісін көрсетуде. «Біз біргеміз!» деген ортақ ұран аясында жұмыла бірлесіп, кез келген қиыншылықтарды тек бірлік пен өзара сенімнің арқасында еңсеретінін дәлелдей білді.
Бірліктің айтулы мерекесінде барша оралдықтарға зор денсаулық, әр шаңыраққа құт-береке, баянды бақыт тілеймін.
Бірлігіміз бекем, келешегіміз кемел болсын, ардақты ағайын!