
Карантин режимі жағдайында Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков азаматтарды онлайн форматта жеке қабылдады.
Тұрғындар тұрғын үй бағдарламасы, жер телімдерін алу, бала бақша туралы және т.б. сұрақтарды көтерді. Қала әкімі онлайн қабылдауда тұрғындардың сұрақтарына жауап берді және осындай онлайн қабылдау алдағы уақытта жалғасатын болады.