
2023 жылғы 9 тамызында қала әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Алтай Есмагулович Кулкаев Орал қаласының жер қатынастары бөлімінің мемлекеттік қызметшілерімен кездесу өткізді.
Кездесу профилактикалық мақсатта өткізілді, атап айтқанда: мемлекеттік қызметшілердің кәсіби әдеп нормаларын сақтау және мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін бұзушылықтарын алдын алу.
Сонымен қатар, кездесу барысында мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын сақтау мәселесі және бөлімнің жұмысына қатысты басқа да жұмыс кездері жөнінде сөз қозғалды.
Кездесу сұрақ-жауап форматымен жалғасты.
Қорытындылай келе, қала әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі кездесуге қатысушыларды жоғары кәсіби және әдепті мемлекеттік қызметші болуға шақырды.