
Орал қаласының әкімі А.Шыныбеков шаһардағы бірқатар әлеуметтік нысанды аралады. Қаладағы эстетикалық бағыттағы гимназия ғимаратының қазіргі жағдайы сын көтермейді, заңғар жетістіктерімен қуантып жүрген дарынды оқушыларға лайықты білім алу үшін жан-жақты, керек-жарақпен жабдықталған, заманауи үлгідегі зәулім ғимарат керек. Қала басшылығы алдағы уақытта гимназияны жаңа ғимаратқа көшіру мүмкіндігін қарастырмақ. Бұл ғимарат балабақша ретінде жұрт игілігіне айналады. Сондай-ақ қала басшысы қайта жаңғыртылатын #31 мектепке арнайы соғып, онда жүргізілетін құрылыстың жай-жапсарын көрді. Жаңадан салынып жатқан #33 мектепте құрылыс жұмыстары кестеге сай жүргізілуде. Сонымен бірге қазіргі кезде "Бақытты отбасы" орталығы күрделі жөндеу жұмыстары және Мясокомбинат шағын ауданындағы абаттандыру жұмыстары ойдағыдай жүргізіліп жатыр.