Қазіргі уақытқа Зашаған кентінде орналасқан тынымбақтағы спорт алаңын қалыпқа келтіру үшін тиісті жұмыстар атқарылуда. Спорт алаңының газоны толықтай ауыстырылып, жаңадан таңбалау жүргізіледі. Сондай-ақ қоршауы жөнделіп, бағаналары сырланады.
Жуырда тынымбаққа келушілерге қолайлы жағдай жасау мақсатында жаңа 30 орындық орнатылды. Олар ескірген және сынған орындықтарды алмастырды.
Тынымбақтағы жарықтандыру да қалыпқа келтірілуде. Мердігер нысан аумағындағы істен шыққан жарықшамдарды жаңасына ауыстыру жұмыстарын атқарып жатыр.