ҚР Оқу-ағарту министрлігінің тапсырмасына сәйкес, оқушылардың мектепке баруын толық қамтамасыз ету мақсатында жыл сайын «Мектепке жол» республикалық акциясы өтеді. Биыл аталған акция 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында «Жақсылық жаса» ұранымен ұйымдастырылуда.
Акцияның мақсаты — жаңа оқу жылына дайындық кезінде оқушылардың әлеуметтік себептермен мектепке бармай қалуының алдын алу болып табылады. Жылдан жылға акцияға қатысып, әлеуметтік көмекті қажет ететін балаларға қолдау көрсетушілердің саны артуда. Бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, депутаттар, жастар және үкіметтік емес ұйым өкілдері және өзге де демеушілер белсенділік көрсетуде.
Өткен оқу жылында 2593 оқушыға 48 млн теңгеге көмек берілді. Бұл қаржының 37 млн теңгесі бюджеттік қаражат болса, 11 млн теңгесі бюджеттен тыс қаражат болды. Жаңа оқу жылында 6000-нан астам бүлдіршін қала мектептерінің табалдырығын аттағалы отыр.
Әлем ізгі ниетті адамсыз емес – бұл өмір ақиқаты. Қоғамның қайырымдылық әлеуетін жұмылдыру арқасында қаламыздың көмекті қажет ететін балалары ілтипат пен қамқорлыққа бөленіп, олардың қажетті әлеуметтік жағдайының жақсаруы үшін, білім алуы үшін даяр болуына демеу болмақшы қала тұрғындары мен қонақтарын білім беру бөліміне (Н.Назарбаев даңғылы, 145 үй, тел.: 50-38-79) және қала мектептеріне жолығуын сұраймыз.