Қаладағы жөндеу жұмыстарына жабылған жол учаскелерін 2ГИС қосымшасы арқылы қарауға болады

Қаладағы жөндеу жұмыстарына жабылған жол учаскелерін 2ГИС қосымшасы арқылы қарауға болады
Орал қаласы бойынша көшелерде жол жөндеу жұмыстары жалғасуда. Осыған байланысты, қала тұрғындары мен қонақтарын жөнделетін учаскелердің жабылуы және айналып өтудің ықтимал жолдары туралы өзекті ақпарат 2ГИС мобильдік қосымшасында көрсетіледі.
Жол жөндеу жұмыстарына байланысты барлық жол учаскелері 2ГИС жүйесіне біріктірілген. Қосымшада барлық жабық көшелер мен жол жұмыстары картада көрсетіледі. Ақпарат жаңартылып отырады, осылайша қаланың әрбір тұрғыны өз бағытын кідіріссіз жоспарлай алады. Картадағы жабық көшелер ⛔️белгіленеді.