Қала әкімі Абат Шыныбеков Курени шағын ауданы, "Металлист" зауыты, Коминтерн маңындағы жағажайларда болды

Қала әкімі Абат Шыныбеков Курени шағын ауданы, "Металлист" зауыты, Коминтерн маңындағы жағажайларда болды

Жасыл желегі жайқалған Жайықтың жағажайлары қала тұрғындарының жазғы маусымда табиғат аясында бой сергітіп, отбасымен демалатын көрікті мекендердің бірі. Алайда адамдардың қауіпсіздігі үшін жабайы жағажай емес, жан-жақты жабдықталған, демалуға қолайлы әрі қауіпсіз жағажай қажет. Қала әкімі Абат Шыныбеков Курени шағын ауданы, "Металлист" зауыты, Коминтерн маңындағы жағажайларды аралап, жазғы маусымға дайындық барысын тексеріп, жағажай жұмысын жандандыруға байланысты тиісті тапсырмалар берді.