
Nostrum Oil & Gas PLC - Қазіргі уақытта Каспий бассейнінде мұнай мен газ өндірумен, игерумен және барлаумен айналысатын тәуелсіз мұнай-газ компаниясы. Nostrum Oil & Gas PLC компаниясының негізгі операциялық активі Чинаревское мұнай-газ конденсат кен орны болып табылады, оның 100% үлесі бар және «Жайықмұнай» ЖШС еншілес ұйымы арқылы оператор болып табылады.
«Жайықмұнай» ЖШС – «Чинаревское» мұнай-газ конденсаты кен орнының келісімшарттық аймағында мұнай мен газды өндірумен, тасымалдаумен, алғашқы өңдеумен және сатумен айналысатын қазақстандық мұнай-газ компаниясы. Чинарев кен орны Орал қаласының солтүстік-шығысында орналасқан Каспий маңы мұнай-газ провинциясы. «Жайықмұнай»ЖШС -қоршаған ортаны қорғауға ат салысуда. Қазақстан Республикасы Президентінің елімізді жаппай көгалдандыру туралы жолдауына сәйкес (орман қорына 2 млрд, ауылдық жерлерге 5 млн ағаш отырғызу) және Қоғамның 2021 жылға арналған қоршаған ортаны қорғау жоспарын іске асыру мақсатында 2021 жылдың қазан айында Нострум мұнай терминалының жанында Белес ауылының маңында 230-ға жуық ағаш отырғызылды. 2023 жылы Белес ауылында 1500 түп ағаш отырғызылады. Компания қызметінің қорытындысы бойынша 2022 жылдың қараша айында Батыс Қазақстан облысы әкімінің атынан облыстық деңгейде «Экологияға қосқан үлесі үшін» номинациясына ие болып, сонымен қатар республикалық конкурста Қазақстан Республикасы Президенті Қ.К.Тоқаевтың атынан «Парыз» сыйлығын алып, компания лауреат атанды.
Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі» «Парыз-2023» республикалық конкурсына қатысуға шақырамыз