Орал қаласының әкімі Абат Шыныбековтың қала тұрғындары мен қонақтарын қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтауы

Орал қаласының әкімі Абат Шыныбековтың қала тұрғындары мен қонақтарын қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтауы

Құрметті оралдықтар! Қадірлі жамағат!
Баршаңызды мұсылман үмбеті асыға күтетін айлардың сұлтаны, берекелі де кешірімі мол қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтаймын!
Ораза айы - ізгілікке, адамгершілікке, рухани тазаруға және кемелденуге бастайтын мезгіл. Сабыр мен төзім, мейірім-шапағат айында ықыласпен ауыз бекітіп, ораза ұстаған барша жан құрмет пен марапатқа, қуаныш пен сауапқа кенеледі. Сондықтан да қасиетті Рамазан айы баршаны өзара түсіністік пен келісімге бастайды, ортақ мақсат-мүдде мен ынтымаққа жетелейді, әлеуметтік тұрғыда әлсіз топтарға қайырымдылық жасауға шақырады.
Бүкіл әлемде, елімізде өршіп тұрған қатерлі індеттін алдын алу, азаматтарымыздың денсаулығын сақтау мақсатында мұсылмандар діни басқармасы басшылығы қасиетті Рамазан айындағы құлшылықты, ауызашарды отбасында өткізуге шақыруда. Бұл – карантин кезінде әрбір азаматтың амандығы үшін дұрыс шешім. Қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау арқылы ұлт саулығы мен азаматтарымыздың өміріне қатер төндірген сынақтарды бірге еңсеріп шығатынымызға сенім мол. Қатерлі індетпен күрестің алғы шебінде елге қызмет етіп жүрген дәрігерлерге, полиция және әскери қызметкерлерге, әрдайым көмегін аямаған кәсіпкер азаматтарға Орал жұртшылығы атынан алғыс білдіремін.
Қасиетті Рамазан айында ұстаған оразаларыңыз, жасаған әрбір қайырлы амалдарыңыз, дұға-тілектеріңіз қабыл болсын, әр шаңыраққа бақ-береке тілеймін!
Еліміз аман, бірлігіміз бекем, мемлекетіміз бақуатты болсын!