
2002 жылы ашылған орталық осы уақытқа дейін балалар аула клубы ретінде қызмет етіп келді. Әртүрлі облыстық, республикалық деңгейдегі байқаулардың жүлдегерлерін дайындай білген аула клубы бүгінде комьюнити орталық ретінде жұмысын бастап жатыр.
Орталықта вокал, көркемсөз, бейнелеу өнері, тоғызқұмалақ және дойбы үйірмелері тұрақты түрде жұмыс жасайды. Сондай-ақ көпшіліктің, әсіресе аталмыш ауданның тұрғындарының сұрауымен қолөнер үйірмесі ашылды. Қолөнер үйірмесіне балалардың да, жасы үлкен тұрғындардың да қатысуына мүмкіндік қарастырылған.
Жаңа орталықтың ашылу салтанатына Орал қаласы әкімінің орынбасары Мирболат Нұржанов қатысып, алдағы жұмысына сәттілік тіледі.
Айта кетейік, қазіргі таңда Орал қаласының мәдени-ағарту бірлестігіне қарасты шаһардың әр ауданында 9 аула клубы, 10 комьюнити және 6 арнайы орталық тұрғындар үшін қызмет етеді.