Құрметті Орал қаласының тұрғындары!

Құрметті Орал қаласының тұрғындары!
Қала күнін мерекелеу аясында және Орал қаласының имиджін арттыру мақсатында «ҮЗДІК МАМАН» байқауына құжаттарды қабылдау басталғанын хабарлаймыз.
Байқау аталымдары:
🔰"Үздік электрик"
🔰"Үздік сантехник"
🔰"Үздік құрылысшы"
🔰"Үздік тігінші"
🔰"Үздік мұғалім"
🔰"Үздік медицина қызметкері"
🔰"Үздік жүргізуші”
Байқауға Орал қаласының барлық тұрғындары қатыса алады. Конкурсқа қатысу үшін қатысушының еңбек тәжірибесі мен табыстары туралы ақпарат беру қажет.
Конкурстарға қатысу үшін өтінімдер 20 тамызға дейін қабылданады.
Байқаудың қорытындысы қала күніне арналған салтанатты іс-шарада анықталып, марапатталады.
Байқауға қатысты барлық сұрақтарды +77089526680 (Тасболат Серікқалиұлы) телефон нөмірі арқылы білуге болады