
Бүгін қала әкімдігінде мемлекеттік қызметтер көрсету барысында туындаған проблемалық мәселелер бойынша Орал қаласы әкімі аппаратының басшысы, әдеп жөніндегі уәкіл Алтай Құлқаевтың төрағалығымен жиналыс өтті.
Жиынға ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің БҚО бойынша департаментінің мемлекеттік көрсетілетін қызмет басқармасының басшысы Бауыржан Ибрашев арнайы қатысты.
Жалпы Орал қаласы әкімдігінде мемлекеттік қызмет көрсету жұмыстарымен 7 бөлім айналысады. Жиында осы бөлімдермен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер барысында туындаған проблемалық мәселелер жайында цифрландыру және мемлекеттік қызметтер көрсету бөлімінің басшысы Нұрдаулет Ильясов баяндады.
Басқарма басшысы Бауыржан Сағидоллаұлы мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мемлекеттік қызметшілер жұмысы тиімділігінің басты көрсеткіші екенін атап, кейбір проблемалық мәселелерге тоқталып өтті.
Жиын соңында Алтай Есмағұлұлы мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру арқылы азаматтардың мемлекеттік органдардың қызметіне деген сенімін көтеру маңызды екенін жеткізіп, бұл бағыттағы жұмыстармен жүйелі айналысуды тапсырды.