Жөндеу жұмыстарына байланысты жол уақытша жабылады

Жөндеу жұмыстарына байланысты жол уақытша жабылады
Сыдықов көшесінен №27 маршруттың соңғы аялдамасына дейін, яғни Родник бау-бақша серіктестігіне дейінгі кірме жолға ағымдағы жол жөндеу жүргізу жұмыстарының басталуына байланысты 1 маусым күні 10:00-ден бастап жол жабылады.
Осыған орай, маршрут автобустары қозғалысы суретте қосымша жалғанған сұлбаға сәйкес көк сызық бойымен жүреді. Жол қозғалысындағы қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!