Судағы қауіпсіздік

Судағы қауіпсіздік

‼️Құрметті ата-аналар‼️
Демалыстың басталуымен балалар көбінесе ересектердің қарауынсыз қалады.
Соңғы 5 жылда облыс бойынша ересектердің қарауынсыз қалған 28 кәмелетке толмағандар суға батып кетті.
БҚО ТЖД су айдындарында балалардың қаза болуына жол бермеу мақсатында Сізге өз балаларыңызбен табиғи және жасанды су айдындарындағы мінез-құлық қағидалары және оларды бұзудың салдарын түсіндіру жұмыстарын жүргізу туралы өтінішпен жүгінеді. Осы арқылы Сіз балаларыңызды судағы жазатайым оқиғалардан ескертесіз.
Шомылуға қатаң тыйым салынады:
- балалардың ересектердің қарауынсыз;
- бейтаныс жерлерде;
- үрлемелі матрацтарда, камераларда және басқа да бейімделмеген құралдарда;
- тексерілмеген және жабдықталмаған жерлерде сүңгуге;
- белгіленген қоршау белгілерін асып жүзуге;
- моторлы қайықтарға және басқа жүзу құралдарына жақын жүзуге.

Балаларға өз бетімен су айдындарына баруға және шомылуға рұқсат бермеңіз!
Шомылып жатқан баланы үздіксіз бақылауда ұстап, балалардың суда еркелігіне жол бермеу қажет.

Құрметті ата-аналар!
балаларды бақылаусыз қалдырмау арқылы Сіз қайғылы жағдайлардың алдын аласыз.
‼️ЕСІҢІЗДЕ БОЛСЫН! БАЛАЛАРДЫҢ ӨМІРІ МЕН ДЕНСАУЛЫҒЫ - СІЗДІҢ ҚОЛЫҢЫЗДА‼️