«Халық қатысатын бюджет» бойынша таңдалған екі жоба жүзеге асты

«Халық қатысатын бюджет»  бойынша таңдалған екі жоба жүзеге асты
Өткен жылы «Халық қатысатын бюджет» арқылы таңдап алынған екі жоба жүзеге асты.
Оның алғашқысы — «Хай-Тек» тіс емханасы маңындағы аумақты абаттандыру жұмыстары. Ал екіншісі —Жайық жағалауына орындықтар мен әткеншектер орнату.
Мұндай бағдарламалардың ерекшелігі – тұрғындар қала өміріне белсенді қатысып, бюджет қаржысына қаланы жақсартуға қатысты үздік идеяларды іске асыруды ұсынады.
2023 жылға арналган «Халық қатысатын бюджет» жобасына ұсыныстарды қабылдау үшін биыл хабарлама жарияланған болатын. Қала тұрғындары тарапынан 41 жоба келіп түсті. Соның ішінде көп дауыс жинаған 9 жобалық ұсыныс іске асырылуға жіберілді.