Оралда оқушылардың 85,2% жазғы демалыспен қамтылады

Оралда оқушылардың 85,2% жазғы демалыспен қамтылады

Жаз — әрбір оқушының сүйікті мезгілі. Ал сол уақытты қызықты ететін әр түрлі бағыттағы жазғы лагерьлер.
Биыл оралдық 146 оқушы «Бурабай» курорттық аймағында демалса, 102 оқушы Астана қаласына саяхат жасайды.
«Атамекен» қалалық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығында 3 айда 1500 оқушы демалады деп жоспарланған.
Қаланың 46 мектебінде тамақтануы ұйымдастырылған лагерлерде 6700 бала, 50 мектептегі және 2 қосымша білім беру ұйымында (мектептен тыс жұмыс орталығы, Оқушылар сарайы) тамақтану ұйымдастырылмаған лагерде 37655 бала демалысын өткізеді.
Сондай-ақ, «Мирас», «Рахат» шатырлы лагерлеріне 50 мектептен 1700 бала қатысса, «Қайсар» патриоттық лагерінде 230 ер бала өз демалысын өткізеді.