26 мамыр күні жергілікті уақытпен сағат 16:00-де Қазақстанның барлық қалаларында «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы басталады.
Акцияны ұйымдастырушылар ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, zakon.kz желілік басылымы, «Параграф» ақпараттық жүйесі, мемлекеттік билік органдары және Қазақстанның үздік заңгерлері мен адвокаттары.
Орал қаласында «Халық заңгері» акциясы М.Мәметова көшесі, 81 үй, «Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университеті», «Студенттер сарайы», 1 қабат мекенжайы бойынша өтеді.
Акцияның мақсаты - халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң жөнінен көмек көрсету.
Кез келген азамат еліміздің заң қоғамдастығындағы ең үздік өкілдерден тегін қажетті кеңес ала алады. Олардың арасында белгілі адвокаттар, прокурорлар, мемлекеттік органдардың басшылары және т. б. бар.