Әкімшілік процесті цифрландыру мәселесін талқылау және әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алу туралы кеңес өтті

Әкімшілік процесті цифрландыру мәселесін талқылау және әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алу туралы кеңес өтті
Бүгін Орал қаласы әкімдігінің үлкен залында әкімшілік процесті цифрландыру мәселесін талқылау және әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алу туралы кеңес өтті.
Кеңес отырысын Орал қаласы әкімінің орынбасары Мирболат Нұржанов ашып,
қазіргі таңда цифрландыру саласын бәсекеге қабілеттіліктің басты факторларының біріне айналғанын атап өтті.
Цифрландыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жайында Батыс Қазақстан облысы бойынша құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті басқармасы бастығының міндетін атқарушы Гүлнар Ибрашева баяндады.
Ол өз сөзінде әкімшілік іс жүргізудің электрондық форматына көшудің қажеттілігі мен маңыздылығын, бұл мемлекеттік органның жұмысын оңтайландыруға және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмауға мүмкіндік беретінін жеткізді.
Сондай-ақ, іс жүргізудің электрондық форматының оң жақтары, басқа мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен және дерекқорларымен интеграциялау және басқа да проблемалық мәселелер талқыланды.
Отырыс нәтижесінде әкімшілік іс жүргізудің электрондық форматы бойынша нақты міндеттерді қоюмен шешім қабылданды. Әкімшілік айыппұлдардың өндіріп алу пайызын арттыруды жандандыруға және техникалық құрылғыларды сатып алу мүмкіндігін шешуге бағытталған ұсыныстар әзірленетін болады.