
Ағымдағы жылдың 25 сәуірінде Әдеп жөніндегі уәкіл Орал қаласы әкімі аппаратының басшысы А. Е. Құлқаев Орал қаласы әкімдігінің құрылымдық бөлімшелерінің басшыларымен мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша кеңес өткізді. Кеңес барысында "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесіне ("Б" корпусы қызметшілерін саралау әдісімен бағалау тәртібі, 360-әдіс бойынша бағалау тәртібі, калибрлеу сессияларын өткізу және кері байланыс беру тәртібі) қатысты мәселелер көтерілді.