Оралда мамыр мерекелеріне орай 60-тан астам іс-шара өтеді

Оралда мамыр мерекелеріне орай 60-тан астам іс-шара өтеді
28 сәуір мен 9 мамыр аралығында Орал қаласында түрлі мәдени-танымдық, спорттық іс-шаралар, кітап және қолөнер көрмелері, тәрбие сағаттары, патриоттық акциялар, ардагерлермен кездесу кештері, ескерткіштерге гүл шоқтарын қою рәсімдері және ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді.
29-30 сәуір және 6-7 мамыр күндері Ықсанов көшесінде және Жәңгір хан көшесі, 31/2 мекенжайында ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылады.
1 мамыр сағат 11.00-де Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Абай алаңында театрландырылған мерекелік концерт өтеді. Сонымен қатар Арбат бойында этномәдени бірлестіктердің қолөнер көрмесі ұйымдастырылады.
Мерекеге орай 1 мамыр күні сағат 15.00-де велошеру, сағат 17.00-де қалалық мәдениет және демалыс саябағының маусымдық ашылуына орай концерт өтеді.
5 мамыр күні сағат 18.00-де Жастар мәдениет сарайында Вокалды аспаптар ансамблінің шығармашылық концерті өтеді.
6 мамыр күні сағат 10.00-де «Жеңіс» алаңында жас сарбаздардың патриоттық акция, 12.00-де «Атамекен» өнер ордасында Отан қорғаушылар күніне орай «Ел қорғаны» атты концерт өтеді.
Ал 7 мамыр күні сағат 09.00-де Отан қорғаушылар күніне орай көпшілік жүгіріс, 10.00-де «Ұранды елдің ұрпағы қайсар» атты ат жарысы ұйымдастырылады.
Д.Нұрпейісова атындағы скверде 7 мамыр күні сағат 11.00-де Тәжік-ауған шекарасында қаза тапқандарға арналған ескерткіш ашылады.
9 мамыр күні сағат 8.00-9.00 аралығында гүл шоқтарын қою рәсімі өткізіледі. Нақтырақ айтсақ, «Батыр қыздар» ескерткішіне, Г.К.Жуковтың ескерткішіне, «Бауырластар» зиратына, «Ол күндердің даңқы өшпейді» монументі, Т.Масин ескерткішіне гүл шоқтары қойылады.
Ал 10.00-ден бастап «Жеңіс» алаңындағы «Мәңгілік алауға» гүл шоқтарын қою рәсімі өтеді.
9 мамыр күні сағат 12.00-де қалалық мәдениет және демалыс саябағында мерекелік концерт және солдат ботқасы ұйымдастырылады.
Ұлы Жеңіс күніне орай, дәл осы күні кешкі сағат 19.00-де Қадыр Мырза Әлі атындағы амфитеатрда мерекелік концерт өтеді.