
Еңбек әулеттері мен өндіріс жұмыскерлерін «Еңбек жолы-2023» республикалық конкурсына қатысуға шақырады.
Мемлекет басшысы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарлама мақаласында қоғамдық сана жаңғырудың негізгі қағидаларын қалыптастыруды ғана емес, сонымен бірге, біздің заман сынағына лайықты төтеп беруімізге қажетті нақты жобаларды жүзеге асыру қажеттілігін атап өткендігі баршаға мәлім.
Мемлекет басшысының Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамын құру идеясы аясында, Еңбек адамының беделін жоғарылату, еңбек өнімділігін ынталандыру, жұмыскерлер кәсіптерін насихаттау, жастарды өндіріс саласына тарту, көпжылдық еңбек әулеттері салтын сақтау мақсатында Мемлекет басшысының Жарлығымен «Еңбек күні» бекітіліп, еңбек әулеттері мен өндіріс жұмыскерлері арасында өткізілетін «Еңбек Жолы» республикалық конкурсы белгіленді.
Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы идеясын ілгерілету мақсатында Министрлікпен өткен жылдан бастап еңбек әулеттері мен өндіріс жұмыскерлері арасында өткізілетін «Еңбек Жолы» республикалық конкурсы белгіленді.
«Еңбек күнін мерекелеуге арналған «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы» Республикалық Форумы аясында аудандық (қалалық) және облыстық деңгейде «Еңбек жолы» конкурсы өткізілетін болады.
«Еңбек жолы» конкурсын (әрі қарай- Конкурс) өткізу мақсаттары:
1) ұрпақтар сабақтастығын сақтау;
2) еңбек адамдары туралы оң қоғамдық пікір қалыптастыру және жаңа еңбек әулеттерін құру үшін кәсіпорындар мен ұйымдарда жағдайлар жасау;
3) қазақстандықтарда Қазақстан Республикасының экономикасын дамытуға елеулі үлес қосқан отандастарының жетістіктері үшін мақтаныш сезімін тәрбиелеу;
4) жастарды еңбекке құрметпен қарау, еңбек дәстүрлерін сақтау және көбейту рухында тәрбиелеу;
5) «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы» аясында еңбек адамының қоғамдағы мәртебесін арттыру және еңбек өнімділігін ынталандыру.
Конкурсқа мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда, салаға қарамастан кәсіпорындардың барлық қызметкерлері қатыса алады.
Конкурсқа мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда, салаға қарамастан кәсіпорындардың барлық қызметкерлері қатыса алады. Жұмыс берушілер тарапынан конкурсты өткізуге белсенді қатысуды сұраймыз.
Конкурс 3 номинациядан тұрады:
таңдалады.
белсенді және еңбекқор өндіріс жұмыскері таңдалады.
өтілі бар ең жоғары тиімді тәлімгер таңдалады.
Конкурс туралы толық ақпаратты ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің www.enbek.gov.kz, https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-social?lang=kk сайттарынан қарай аласыз. 1)номинация көрсетілген, еркін нысандағы конкурсқа қатысу туралы өтінішті;
2) жеке куәліктің көшірмесін;
3) номинация тақырыбы бойынша 1-2 минуттан артық бейнероликті (қалауы бойынша жұмыс орны және дағдылары көрсетілген);
4) конкурсант туралы (жұмысы, отбасы, қызығатын ісі, хоббиі және
т.б.) 1 минуттан аспайтын компьютерлік презентация (Microsoft Power Point форматында);
5) еңбек әулетінің әр өкілінің немесе жұмыскердің жұмыс өтілін растайтын, жұмыс беруші куәландырған еңбек кітапшасының және өзге де құжаттардың көшірмелері (жұмыс орнынан анықтама);
6) жұмыс берушіден немесе кәсіподақтан ұсыным хат.
Бар болған жағдайда (келесі құжаттардың көшірмелері):
мемлекеттік немесе ведомстволық наградалардың, грамоталардың, алғыс хаттардың көшірмелері
біліктілікті арттыру туралы сертификаттар (бар болса).
Конкурсқа құжаттар мемлекеттік немесе орыс тілдерінде ұсынылады.
Конкурс 2 кезеңнен тұрады:
1- кезең жергілікті деңгейде өткізіледі:
1) қалалық және аудандық деңгейдегі үздік әулеттер мен жұмысшылар анықталады;
2) облыс жеңімпаздары қалалық және аудандық деңгейдегі үздік әулет пен жұмысшылар арасынан анықталады.
2-кезең республикалық деңгейде облыстар жеңімпаздары арасында өткізіледі:
1) облыс жеңімпаздарының видеороликтары мен презентациялары ұсынылады;
2) облыс жеңімпаздарына ұсынылған материалдар зерттеледі.
Марапаттау рәсімі ағымдағы жылы Астана қаласында республикалық форум өткізілетін күні өтеді.
«Еңбек жолы» конкурсына қатысушылардың өтінімдері тиісті материалдармен қоса Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 161, (2-қабат, 13 кабинет) мекен-жайы бойынша орналасқан, «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне 2023 жылдың 15 маусымына дейін ұсынуды сұрайды.
Қосымша мәлімет алу үшін электрондық пошта арқылы m.umbetkalieva@bko.gov.kz немесе байланыс телефондары: 93-35-74, 93-35-98 хабарласуға болады. Марапаттау рәсімі ағымдағы жылы Астана қаласында республикалық форум өткізілетін күні өтеді.