Оралда биыл 33 аула абаттандырылады

Оралда биыл 33 аула абаттандырылады
Былтыр қаламызда «Аулаларды кешенді абаттандыру» бағдарламасы шеңберінде 31 ауланы абаттандыру жұмыстары басталған болатын. Аталмыш жұмыстар биыл жалғасатын болады.
Жалпы кешенді абаттандыру жұмыстары 4 лотқа бөлініп жасалуда. Әр жұмысты 4 түрлі мердігер мекеме орындайды. Оның ішінде, аулаларды жарықтандыру, кіші архитектуралық пішіндер орнату, асфальт-бетонды жабын төсеу және спорт және балалар ойын алаңын орнату жұмыстары жасалады.
Биыл 24 аула аумағын абаттандыру жоспарланған. Сонымен қатар, бұл аулалардан бөлек, спорт және балалар алаңын салу кезінде үнемделген қаржыға uralsksmartmap.kz сайтына қала тұрғындарынан келіп түскен өтінімдер негізінде қосымша 6 аула аумағы абаттандырылады.
Сондай-ақ, қала аумағында жаңадан 3 спорт және балалар ойын алаңының құрылысы жүргізілетін болады.