
Құрметті Орал қаласының тұрғындары!
27 сәуір күні сағат 10.00-13.00 аралығында Орал қалалық №1 халыққа қызмет көрсету орталағында мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бақылауды күшейту мақсатында қоғам белсенділерінің қатысуымен қоғамдық қабылдау жүргізілетін болады.
Азаматтар кез келген сұрақтары бойынша жауап ала алады.
Қоғамдық қабылдауды жүргізетін мамандардың тізімі:
1. Ерген Болатұлы Бекарыстанов - «БҚО мүгедектері ерікті қоғамы» ҚБ төрағасының орынбасары;
2. Ғалия Камчатқызы Сатыбалдина– «ASAR-ORAL» жеке қорының басшысы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті жанындағы БҚО арнайы мониторингтік топ мүшесі.
Сонымен қатар жоғарыда аталған қоғам белсенділерімен бірлесіп, мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі өтеді.
Іс-шара мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту , азаматтар көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы хабардар болу деңгейін арттыру және электрондық мемлекеттік қызметтерді пайдалануға дағдылау мақсатында өткізіледі. Онда азаматтар жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы мен өзге де салалар бойынша қажетті консультативтік-әдістемелік көмек алады.
Мекенжайы: Орал қаласы, Жамбыл көшесі, 81/2.