Назар аударыңыз! Орал қаласының тұрғындары!

Назар аударыңыз! Орал қаласының тұрғындары!
Подстепное ауылына шығатын көпірдің жөндеу жұмыстарына байланысты барлық көлік түрлері үшін айналма жол тек Меловые горки ауылы маңындағы жаңа Орал көпірі арқылы жүзеге асырылады.
Су бөгетінің ашылуына байланысты Подстепное ауылындағы далалық жол су астында қалды. «Нұрлы жол» ПСТ арқылы айналып өту мүмкін емес. Осыған байланысты Орал қаласы полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жол полициясы бекетінен жолды жабу туралы мәселені шешуде. Тек саяжай тұрғындары пост арқылы өтеді. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.