Орал қаласының тұрғындарына, сондай-ақ құрылыс салушыларға тиісті рұқсатсыз үлескерлердің қаражатын тартуға Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» заңнамасымен тыйым салынатынын хабарлаймыз. ҚР ӘҚБтК-нің 320-бабына сәйкес осы құқық бұзушылық үшін, сондай-ақ ҚР ҚК-нің 214-бабы бойынша кәсіпкерлік қызметтің тыйым салынған түрлерімен айналысқаны үшін жауапкершілік көзделген.
Үлескерлердің ақшасын тартуға тиісті рұқсаты жоқ құрылыс компанияларының тізімі (суреттерді парақтаңыз) танысу үшін қоса беріледі.
Орал қаласының әкімдігі қала тұрғындарынан құрылыс салушылармен мәмілелер жасасу кезінде мұқият болуды және құрылысқа рұқсат және «Жобаларды мемлекеттік ведомстводан тыс сараптау» ШЖҚ РМК оң қорытындысы сияқты құжаттарды тексеруді сұрайды.
Тізім қосымша суретте көрсетілген