10 мыңнан астам студент қатысқан жобада олар 11 аталым бойынша бақ сынады.
Фестивалдің гала концерті «Атамекен»өнер орталығында өтті.
Жарыс нәтижесінде жалпы командалық есепте 307 ұпаймен М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті I орынға ие болды. Ал 11 аталым бойынша 300 ұпай жинаған Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің студенттері жүлделі II орыннан көрінді. Жалпы командалық есепте 292 ұпай жинаған Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті үздік үштікті түйіндеді.
Қаламыздағы белсенді жастарды бір арнаға тоғыстырған жоба өңір жастарының жан-жақты дамып келе жатқанын көрсетті.