Самара-Шымкент трассасы бағытындағы М-32 автожолы бойындағы көпірге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Мердігер ұйым - «Адал Арна» ЖШС.
Орташа жөндеу аясында көпірдің қалыңдығы 5-6 см ескі асфальт төсемін фрезерлеп, жаңа асфальт жабыны төселеді. Сонымен қатар, деформациялық жігін қалыпқа келтіру мен қоршауларды ауыстыру жұмыстары жоспарланған. Бүгінгі таңда көпірдің 300 метр қоршауы ауыстырылды.
Осыған байланысты, қоғамдық көлік бағыты өзгереді. Қозғалыс 3-ші саяжайға бұрылыстан Подстепное ауылындағы автобус аялдамасына дейін және қала жағынан «Нұрлы жол» бекетіне дейін толығымен жабылады. Айналма жол Меловые горки ауылы бағытындағы Орал көпірі арқылы жүзеге асырылады.
Жұмыстарды бір апта ішінде аяқтау жоспарлануда.