РҰҚСАТТАР БАЗАСЫН ПОЛИЦЕЙЛЕР ПЛАНШЕТІНДЕГІ «СЕРГЕК» ҚОСЫМШАСЫ АРҚЫЛЫ ТЕКСЕРІП ОТЫРАДЫ

РҰҚСАТТАР БАЗАСЫН ПОЛИЦЕЙЛЕР ПЛАНШЕТІНДЕГІ «СЕРГЕК» ҚОСЫМШАСЫ АРҚЫЛЫ ТЕКСЕРІП ОТЫРАДЫ

БҚО ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер және архивтер басқармасының басшысы Сәкен Нұртазаев карантин кезеңінде кейбір адамдардың жұмыс орындарынан алған анықтамаларды алып қозғалып жүруіне байланысты stopcovid.kz сайты арқылы жаңа жүйеге көшетіндігі туралы айтты. «Жаңа жүйенің артықшылықтары туралы айта кетсек, өтініштерді өңдеу процесі автоматтандырылған және рұқсаттарды беру жылдамдығы ұлғайтылған (өтініш берілген күні). Осылайша берілген тізімдерге сәйкес бірыңғай база қалыптасады. Бұл база қала ішіндегі қозғалысты бақылауда ұстайтын полиция қызметкерінің планшетінде «Сергек» қосымшасы арқылы көрінетін болады. Аталған жүйе мемлекеттік мекемелерге де, коммуналдық және жеке кәсіпорындарға да қатысты болады», - деді ол.
Үміт НҰР,
БҚО Өңірлік коммуникациялар қызметі