Коммуналдық қызмет көшелерді сыпыру және жуу, арықтарды тазалау, ағаш бұталарын кесу, мүсіндер мен ағаш түптерін әктеу, қоқыс жәшіктерін тазалау, қоқыс жәшіктері жанындағы қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару сияқты жұмыстар атқаруда.
Көктем басталғалы қала аумағынан 23 000 тонна қоқыс қалдықтары шығарылған.
Сонымен қатар, өткен сенбіде 10-шы шағынауданға, Әйтиев және Қонаев тынымбақтарына егілген көшеттерге су құю жұмыстарымен де айналысуда.
Қаланың көктемгі санитарлық тазалығына 400 жұмысшы мен 150 арнайы техника жұмылдырылған.