Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі комиссия отырысы өтті

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі комиссия отырысы өтті
6 сәуір күні Орал қаласы әкімдігінде шаһар басшысы М.Сатқановтың төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі комиссия отырысы өтті.
Жиында қала әкімі Орал қаласына қарасты Зашаған, Деркөл, Круглоозерный кенті және Желаев селолық округі әкімдерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізген шараларының есебін тыңдады.
Осыдан кейін шаһар басшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды күшейтіп, жемқорлық тәуекелдерін болдырмау жөнінде нақты тапсырмалар берді.