
2023 жылдың 5 сәуірі сағат 15:00-ден бастап Шолохов көшесімен Штыбы көшелерінің қиылысындағы бағдаршамның істен шығуына байланысты № 3 маршруттық автобустар қозғалысы (Мичурин ауылы әкімдігі – Меловые горки ауылы бағыты) қосымша жалғанған сұлбаға сәйкес, яғни сұлбада көрсетілген көк сызық бойымен жүретінін хабарлаймыз. Жол қозғалысында келтірілген уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұралады.