Оралда 10 қоғамдық орынға дәретхана орнатылады

Оралда 10 қоғамдық орынға дәретхана орнатылады
 
 
Бұған дейін қалада П.Атоян атындағы стадионға қарама-қарсы және Тұңғыш Президент алаңында 2 қоғамдық дәретхана орнатылған болатын.
Дәретханаларды саябақтар, скверлер және қаланың орталық бөліктері сынды адамдар ең көп баратын орындарға, яғни 10 жерге көше модульдік қоғамдық дәретханаларын орнату жоспарлануда.
Дәретханаларды орнатуға жоспарланған орындар:
1. ҚР Тұңғыш Президент алаңы
2. Зашаған кентіндегі М.Мөңкеұлы тынымбағы
3. Ж.Молдағалиев тынымбағы
4. Ә.Молдағұлова тынымбағы
5. «Батыр қыздар» алаңы
6.Ремзавод ауданында орналасқан тынымбақ
7. Мәдениет және демалыс саябағы
8. «Жеңіс алаңы» мемориалдық кешені
9. Хамза Есенжанов тынымбағы
10. Жасыл бульвар