Сессия отырысына Орал қаласының әкімі Миржан Сатқанов, қала әкімінің орынбасарлары, кент және селолық округтердің әкімдері, құрылымдық бөлімдердің басшылары, Орал қалалық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Жаңа шақырылымдағы депутаттардың алғашқы сессиясы 19 наурызда өткен сайлаудың соңғы қорытындысын жариялаудан басталды. Орал қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Мұхтар Давлетжанов баяндамасын оқып, одан соң салтанатты түрде депутаттарға куәліктері мен төсбелгілерін тапсырды.
Сессия отырысына қатысқан шаһар басшысы Миржан Сатқанов сөз сөйлеп, депутаттар жұмысына сәттілік тіледі.
Салтанатты бөлімнен кейін сессияның күн тәртібі қаралды. Қалалық мәслихат хатшысы болып Есентай Қалиев тағайындалды. Екінші мәселе бойынша депутаттар тұрақты комиссиялар құрамы мен олардың төрағаларын тағайындады.