25 наурыз - 29 сәуір Санитарлық-экологиялық айлық

25 наурыз - 29 сәуір Санитарлық-экологиялық айлық
Құрметті қала тұрғындары!
Биыл 25 наурыз бен 29 сәуір аралығында Орал қаласында санитарлық-экологиялық айлық өтеді. Алғашқы жалпықалалық сенбілік 25 наурыз күні ұйымдастырылады.
Санитарлық-экологиялық айлық барысында қыс мезгілінен кейінгі қала аумағын жаппай тазалау және абаттандыру жұмыстары жүргізіледі.
Әр бизнес нысандары, кәсіпорындар, еңбек ұжымдары, көппәтерлі тұрғын үйлердің басқарушы ұйымдары (ПИК, МИБ және ЖС) мен жеке үйлердің тұрғындары өздеріне тиесілі аумақты тазалау және абаттандыру жұмыстарын жүргізу қажет.
Қоршаған ортаны таза ұстау — әр азаматтың парызы. Қала тұрғындарын сенбіліктерге белсенді қатысып, ортақ мекеніміз — Оралды бірге гүлдендіруге шақырамыз!