
Батыс Қазақстан облысы бойынша жедел штаб отырысының 2020 жылғы 29 наурыздағы хаттамалық шешімінің негізінде, Батыс Қазақстан облысының (бұдан әрі-БҚО) халқы арасында коронавирустық жұқпамен (бұдан әрі - КВЖ) сырқаттанушылықтың таралуына жол бермеу және өмірін, денсаулығын қорғау мақсатында, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Батыс Қазақстан облысы аумағында төтенше жағдай кезеңінде ағымдағы жылдың 31 наурызы күнгі сағат 00.00-ден бастап келесідей шаралар енгізілсін:
1.1. Батыс Қазақстан облысы аумағында карантин режимін енгізу;
1.2. Батыс Қазақстан облысы аудандарының/Орал қаласының елді мекендерінің аумағында тоқтаусыз кез келген қатынас жолдарының транзиттік тасымалдарын жүзеге асыру;
1.3. Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының/аудандарының елді мекендерінен көлік құралдарының кіруіне/шығуына тыйым салу, төмендегілерді қоспағанда:
- бұдан бұрын Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы/аудандары елді мекендерінен шыққан Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы/аудандары елді мекендерінің тұрғындары Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы/аудандары елді мекендеріне қайтқан кезде; - бұдан бұрын Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы/аудандары елді мекендеріне кірген басқа өңірлердің тұрғындары Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы/аудандары елді мекендерінен шыққан кезде; - бұрын Қазақстан Республикасы аумағына кірген шетел азаматтары елімізден шыққан кезде, сондай-ақ одан әрі елімізден шығу мақсатында әуе көлігімен кіргендер; - бұрын шет мемлекеттің аумағына кеткен БҚО азаматтары БҚО-ға қайтқан кезде; - Батыс Қазақстан облысының аумағынан тыс жерлерге емделуге кеткен БҚО азаматтары, Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысы орынбасарының рұқсатын ұсынған кезде;
- еліміздің және шет мемлекеттердің дипломатиялық қызметі персоналдары мен олардың отбасыларының мүшелері, сондай-ақ шет мемлекеттер делегацияларының мүшелері мен олардың отбасылары,