Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мейрамын тойлау Көрісу айт мерекесінен басталады

Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мейрамын тойлау Көрісу айт мерекесінен басталады

Негізгі шара «Көктем басы - Көрісу» атты бағдарлама «Атамекен» өнер ордасында 14 наурыз күні сағат 11:00-де басталады. Ол жерде ұлттық қол өнер жәрмеңкесі, ұлттық ойындар және теарландырылған концерт оздырылады. Кіру тегін.

Сонымен қатар, қаламыздың кенттерінде Жұлдыз шағынауданы, Зашаған кентінде, Деркөл, Желаев кенттерде көпшілік халықтық іс-шаралар өткізіледі.

14 наурыз күні қала тұрғындарына мерекелік көңіл-күй сыйлау бағытында қалалық көркемөнерпаздар мен жастар ұйымдары қоғамдық көліктерде көшпелі шағын концерттер ұсынады.

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамына орай басты іс-шара 22 наурыз сағат 11:00-де Тұңғыш Президент алыңында ұйымдастырылады. Бұл жерде киіз үйлер тігіліп, алтыбақандар қойылып, «Жаңарған жер - Бақ қонған ел!» атты театрландырылған концерттік бағдарлама ұйымдастырылады. Ұлттық спорттық ойындар, қолөнер жәрмеңкелерімен бірге ұлттық тағамдар жәрмеңкесі және мерекелік сауда-саттық болады.

Дәл осындай мерекелік көпшілік іс-шаралар қалаға қарасты кенттер мен селолық округтерде өтеді. 21 наурызда қалалық мәдениет және демалыс саябағында, 22 наурыз күні Зашаған, Деркөл, Желаев, Круглоозерное кенттерінде мерекелік концерттермен сауда–саттық, спорттық ойындар өткізіледі.

Мейрамға орай кітапханаларда кітап көрмелері, қолөнер шеберлерінің шеберлік сағаттары ұйымдастырылады. Ал білім беру ұйымдарында танымдық шаралар, әлеуметтік орталықтарда мерекелік бағдарламалар ұйымдастырылады.

Сонымен қатар, 22 наурыз күні барлық ойын-сауық орталықтарында қала өнерпаздарының көшпелі концерттері ұйымдастырылады.