Салтанатты қабылдауға зейнеткерлер, мемлекеттік қызмет және білім саласының ардагерлері, қорғаныс істері, денсаулық сақтау, құқық қорғау, мәдениет пен өнер, білім мен спорт, медицина және әлеуметтік сала, сонымен қатар көпбалалы аналар мен жұмысшы мамандықтардың өкілдері қатысты.
Шаһар басшысы қабылдауға келген нәзік жандыларды алдымен мерекемен құттықтады.
—Шаңырақтың берекесі мен жылулығы, еліміздің бүтіндігі, ең алдымен ананың ақ пейілінен бастау алады. Үй шаруасы мен кәсіби қызметті үйлестіре отырып, әлемді мейірімді ететін - өздеріңіз. Нәзік жандылардың бағындырмаған белесі мен еңсермеген қиындығы кемде-кем. Бүгінде қаламызда білім беру саласында 6000-нан аса, құқық қорғау саласында 400-ден аса, денсаулық сақтау саласында 1200-дей, мәдениет пен спорт саласында 700-ден астам нәзік жанды еңбек етіп жүр. Басқа да салалардың дамуында әйел адамдар маңызды рөл атқарады. Сіздердің еселі еңбектеріңіз сүйікті қаламыз – Оралдың гүлденуіне, қоғамның тұрақтылығы мен отбасылық құндылықтардың нығаюына қосқан өлшеусіз үлестеріңіз деп білемін.
Осындай шуақты мерекеде сіздерге шын жүректен зор денсаулық, еңбектеріңізге табыс, шығармашылықтарыңызға шалқар шабыт, ұрпақтарыңыздың амандығы мен отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін, — деді.
Қабылдау барысында кездесу келген әйелдер қауымы өз салалары жайында әңгіме өрбітіп, ізгі тілектерін арнап, мерекелік құттықтауларын жолдады.
Салтанатты іс-шарада өнерпаздар ән шырқап, мерекелік көңіл-күй сыйлады.