Орал қалалық аумақтық сайлау комиссиясының ХАБАРЛАМАСЫ

Орал қалалық аумақтық сайлау комиссиясының ХАБАРЛАМАСЫ

2023 жылғы 19 наурызда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарын сайлауы өткiзiлетін күні «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 38-бабының 1-тармағы негізінде Жуков көшесі, 6, «Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 5517 әскери бөлімі» РММ орналасқан № 479 сайлау учаскесінде дауыс берудің басталу уақытын сағат 6.00-ден (жергілікті уақыт) бастап белгіленгені туралы Орал қалалық аумақтық сайлау комиссиясы шешім қабылданғанын хабарлайды.