Еліміздің әр өңірінен және көршілес Өзбекстан, Қырғызстан елдерінен 1200-ден астам оқушыны жиналған «First lego league Championship» робот отехника және инновациялық жобалар чемпионаты 24-26 ақпан күндері Астана қаласында өтті.
Қатысушылар энергия тақырыбында дайындаған инновациялық жобаларын таныстырды. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин жаңа технологиялардың тілін игеруге ұмтылған болашақ инженерлердің жобаларына жоғары баға берді.
Фестивальдің қорытындысы бойынша Social Media Challenge Champions санатында Оқушылар сарайының «HighTech» командасы ГРАН ПРИ иеленді және командағы First Lego League фестивалінің 2024 жылға арналған жаңа маусымының жинағы табыс етілді. «Robot performance» номинициясы бойынша «4koz» командасы жүлделі 2 орын алды және жетекшісі Айбек Кинешов үздік ментор атанды.