
Бүгін, көктемнің алғашқы күні елімізде Алғыс айту күнін атап өтеді. Мерекеге орай қалада түрлі спорттық, мәдени, танымдық іс-шаралар өткізіледі.
1 наурыз күні сағат 11.00-де Алғыс айту күніне орай «Достық үйінде» концерт өтеді.
Ал сағат 19.00-де А.Н.Островский атындағы драма театрында қалалық үрмелі аспаптар оркестрінің «Көктем үндері» атты шығармашылық концерті өтеді.
«Жылы жүрек» акциясы аясында ҚХА өзге ұлт өкілдері сағат 11.30-да «Asia Mall», «Орал» ойын-сауық орталықтарында тұрғындарға ұлттық тағам бауырсақ таратады.
Қалалық кітапхананың барлық филиалдарында «Алғысым шексіз» атты танымдық сағаттары мен көрмелер өткізіледі.