"Сыған серенадасы" музыкалық драмасының премьерасы өтті

"Сыған серенадасы" музыкалық драмасының премьерасы өтті
Кеше Жастар Мәдениет сарайында «Ғасыр жастары» жастар театры белгілі ақын, драматург Исраил Сапарбайдың «Сыған серенадасы»музыкалық драмасын көрермен назарына ұсынды.
Музыкалық драманың қоюшы режиссері – мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының иегері Жасқайрат Валиуллиев. Көркемдік жетекшісі және балетмейстері – Бұлбұл Сапарғалиева.
Өткен мен жаңа заманды ұштастырып, көрермен назарына ұсынылған туынды қалың көпшілікке ерекше әсер сыйлады.
Премьера соңында Орал қаласы әкімінің орынбасары Мирболат Нұржанов сөз алып, театр ұжымына өз ризашылығын білдіріп, жұмыстарына сәттілік тіледі.
Театр ұжымына Орал қаласы әкімі М.Сатқановтың атынан ықылас гүлі тарту етілді.