Алдымен Орал қаласының әкімі Миржан Сатқанов жиынды бастап, жалпы мемлекеттік қызметшілерге уақыт өткен сайын жауапкершілік артып келе жатқанын, сондықтан оларға қойылатын талап та күшейетінін атап өтті.
Осыдан кейін мемлекеттік қызмет істері агенттігі БҚО бойынша департаментінің басшысы Мұрат Байсалов мемлекеттік қызмет саласын дамыту жолындағы заңнаманы жетілдіру бойынша жүргізіліп жатырған жұмыстар туралы айтып, заңнамадағы өзгерістер жайынан хабардар етті.
Жиында мемлекеттік кызмет заңнамасындағы өзгерістер туралы
мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы В.Масимова, мемлекеттік көрсетілетін сапасындағы заңбұзушылықтар жайында мемлекеттік көрсетілетін қызмет басқармасының басшысы Б.Ибрашев баяндады.
Жиын мемлекеттік қызметтегі өзгерістерге қатысты қатысушылар арасында сұрақ-жауап форматымен жалғасты.