Орал қаласының әкімі Миржан Сатқанов тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Орал қаласының әкімі Миржан Сатқанов тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады
Қабылдау барысында қойылған сұрақтардың басым көпшілігі тұрғын үймен қамтуға қатысты болды. Қазіргі таңда Орал қаласында мемлекеттік бағдарламалар арқылы 9 көппәтерлі тұрғын үй салынуда. Бұл үйлердің барлығы «Отбасы банк» салымшыларына қолжетімді бағамен берілетін болады. Бұдан бөлек, тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға мемлекет тарапынан бірқатар жеңілдіктер қарастырылған. Мәселен, кейбір санаттағы «Отбасы банк» арқылы үй алушыларға алғашқы жарнаның бір бөлігін төлеу үшін 1,5 млн. теңгеге дейін тұрғын үй сертификаттары беріледі. 2022 жылы қала бойынша 43 адамға тұрғын үй сертификаты берілді. Сонымен қатар, мемлекет тарапынан көрсетілетін тағы бір көмек — жалдамалы пәтер ақшасының жартысын субсидиялау. Бұл — тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға арналған жоба.
Қала әкімі қабылдауға келген кейбір азаматтардың ұзақ уақытты талап етпейтін сұрақтарын жедел шешуді құзырлы бөлім басшыларына тапсырды.