Алдымен шаһар басшысы қаладағы жол, абаттандыру, қоғамдық көлік, су және жарықпен қамтамасыз ету сияқты басты мәселелерге тоқталып, алда атқарылатын жұмыстарды ретімен таныстырды.
Осыдан кейін кездесу сұрақ-жауап форматымен жалғасты. Тұрғындар кездесуде жол, тұрғын үй, қоқыс алаңдарын қоршау, қжасыл-желектерді күтіп-ұстау және қоғамдық көлік сынды мәселелерді қозғады.
Жиын барысында қала әкімі тұрғындардың ұсыныстары мен көтерген әр мәселені шешу бағытындағы жоба-жоспарларға жеке-жеке тоқталып, барлық ұсыныстың назарда болатынын жеткізді.
Кездесуден кейін қала әкімі мен оның орынбасарлары, дербес бөлім басшылары, құқық қорғау және прокуратура саласының қызметкерлері тұрғындардың жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді.