Орал қалалық мәслихатының Орал қаласының округтік сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру және Орал қаласының учаскелік сайлау комиссияларының құрамына өзгерістер енгізу туралы ХАБАРЛАМА

Орал қалалық мәслихатының Орал қаласының округтік сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру және Орал қаласының учаскелік сайлау комиссияларының құрамына өзгерістер енгізу туралы ХАБАРЛАМА

Орал қалалық мәслихаты «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 10-бабына сәйкес Орал қаласының округтік сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру және Орал қаласының учаскелік сайлау комиссияларының құрамына өзгерістер енгізу туралы ұсыныстар қабылдау басталғанын хабарлайды.

          Саяси партиялардан немесе басқа да қоғамдық бірлестіктерден округтік және учаскелік сайлау комиссиялардың құрамына кандидатуралар туралы ұсыныстар хабарландыру шыққан күннен бастап 15 күн ішінде қабылданады.

          Үміткерлер туралы ұсыныстарды Орал қалалық мәслихаты, Орал қаласы Н.Назарбаев даңғылы 182/1 үй 306 кабинет мекенжайында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін қабылдайды. Телефон: 8-7112-510444. Электрондық пошта: zko_ugm@mail.ru

         

                   

                                                                        

Орал қалалық мәслихаты