Орал қаласының «Бәйтерек» командасы 6 команданың ішінде жүлделі І орынға ие болды. Сондай-ақ, «Ең үздік қақпашы» аталымымен «Бәйтерек» командасының капитаны Людмила Коноплева марапатталды. Команданың жаттықтырушысы - Сергей Кондаков.
- Биыл оралдық спортшылар үшін табысты жыл болды. Ел біріншіліктері, әлемдік, халықаралық деңгейдегі байрақты жарыстарда спортшыларымыз көптеген жүлдеге ие болды. Сіздерге бұқаралық спортты дамытуға атсалысып жүргендеріңіз үшін алғыс білдіремін. Жеңісті жолды жалғастырып, биіктен көріне беріңіздер, — деп тілегін арнап, спортшыларға алғыс хат пен естелік сыйлықтарды табыс етті.