Салтанат сарайында «Сиқырлы күн» атты әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан балаларға арналған қала әкімінің жаңа жылдық шыршасы өтті

Салтанат сарайында «Сиқырлы күн» атты әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан балаларға арналған қала әкімінің жаңа жылдық шыршасы өтті
 
Оқушылар Бала, Тимон мен Пумба, қуыршақ Лол сынды ертегі кейіпкерлерімен бірге ән айтып, би билеп көңілдерін көтерді.
Мерекелік шарада Орал қаласы әкімінің міндетін атқарушы Мирболат Нұржанов жаңажылдық шырша шамдарын жағып, балаларды Жаңа жылмен құттықтады.
Кеш барысында балалар цирк әртістерінің өнерін тамашалады. Аяз ата мен Ақшақарға тақпақтарын айтып, сыйлықтарын алды. Сондай-ақ, қатысушы балаларға қала әкімінің жаңажылдық құттықтау хаты мен мерекелік сыйлықтар тарту етті.