Тұрғын үй мен пәтерлерде өрттің шығуына негізгі себептер: тұрмыстық электр және газ аспаптарын пайдалану кезінде пештердің дұрыс орнатылмауы мен қолдану кезіндегі өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу, сонымен қатар электр өткізгіштерін дұрыс жүргізбегендіктен болып отыр.

Өрттің алдын алу мақсатында Орал қаласы әкімдігі мен төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері жеке тұрғын үй секторларын аралап, бірінші кезекте көпбалалы және әлеуметтік осал топтағы отбасылардың үйлеріне түтін және улы газдан қорғайтын арнайы құрылғыларды орнату жұмыстарын жүргізуде. Қазіргі таңда мұндай құрылғы 210 отбасының тұрғын үйіне орнатылған.
Түтін мен улы газдан қорғайтын арнайы құрылғы оқыс оқиғаның алдын алуды ескертіп отырады. Егер қауіпті жағдай сезілсе, оптикалық сенсордың бетіне инфрақызыл сәуле шашырап, дабыл іске қосылады.
Төтенше жағдайлар басқармасының мамандары барлық тұрғындарды тұрғын үйлердегі және басқа да орындардығы өрт қауіпсіздігі талаптары мен қарапайым ережелерді сақтауын ескертеді.