Бүгін Орал қаласы әкімінің орынбасары М.Нұржановтың төрағалығымен қала әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті

Бүгін Орал қаласы әкімінің орынбасары М.Нұржановтың төрағалығымен қала әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті
Комиссия отырысында 3 мәселе қаралды.
Алдымен 2022 жылдың қорытындысы бойынша қоғамдық орындарда, көшелерде, отбасы-тұрмыстық қатынас саласында, кәмелетке толмағандар және бұрын сотталған тұлғалардың орын алған құқық бұзушылық фактілері және қылмастары жөнінде, мас күйдегі тұлғалалармен жасалатын құқық бұзушылықтың алдын алу бірлескен іс-қимыл, интернет ресурстары және мобильді байланысты пайдалану арқылы жасалатын алаяқтық қылмыстарының алдын алу шаралар туралы Орал қаласы полиция қызметінің бастығы Біржан Жакиев баяндама жасады.
Осыдан кейін кәмелеттік жасқа толмағандар және оларға жасалатын қылмыстық, құқық бұзушылық жай күйі және қабылданған шаралар жөнінде атқарылып жатқан жұмыстар жайынан Орал қалалық білім беру бөлімінің басшысы Ақжарқын Темірханова мен Орал қаласы әкімі аппаратының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияның жауапты хатшысы Айгүл Иргалиева хабардар етті.
Жиын соңында қала әкімінің орынбасары құқық бұзылушылықтардың алдын алу жұмыстарын нығайту басты міндет екенін айтып, алдағы уақытта жүйелі жұмыс жасау қажеттігін жеткізді.